Метка: қазақ тілі

  • “Ойжұмбақ 2” қалай болған еді?

    “Ойжұмбақ 2” қалай болған еді?

    Подкастымызды Patreon арқылы қолдасаңыз болады: https://www.patreon.com/qazaqgrammar/membership

  • “Желтоқсанның” шынайы себебі | “Орыстандыру” | DEPPA #5

    Әлия Әшім мен Сәуле Темірбаева – жуырда шыққан “Орыстандыру” деректі фильмінің авторлары. Олар бұған дейін Q-Rec жобасы аясында Қонаев дәуірінің мифтерін әшкерелеп, Желтоқсан оқиғасының нағыз себептерін ашып көрсеткен бірнеше деректі фильм түсірген. 0:00 Алаш қайраткерлерінің әйелдері неге орыс болған? 8:10 “Орыстандыру” ма, әлде “Ажырау” ма? 11:50 Мухоряповтың ұсынысы – кинотеатрда көрсетілім жасау 15:02 Тарихи архивтермен…

  • SASAQ – ТИКТОКТЫҢ ЛЕГЕНДАСЫ | DEPPA #4

    Бұл шығарылымда тиктокер Sasaq-пен қазақ ЛГБТК+ тақырыбын талқыладық. ЛГБТК+ насихаты бізге қалай әсер етеді? Оларға қарсы шыққан Бағила Балтабайдікі дұрыс па? Сонымен қатар киіз үйде жалаңаштанып билеген Әлішер Сұлтанбекұлының не айтқысы келгенін түсінбей қалғанымыз да бар. 0:00 – Қонақта Сасақ 0:12 – Сасақ туралы не білеміз? 0:53 – Әмірдің қалай қазақша ТикТок түсіре бастағаны жайлы.…

  • Шах-Мұрат Ордабаев: Қазақша дубляж мәселесі | DEPPA Podcast #3

    Бұл эпизодта театр әртісі, дубляж режисөрі Шах-Мұрат Ордабаевпен дубляж жасаудың қыр-сырын ашып, аударма, дубляж терминологиясы мен дыбыстама және субтитр мәселесін талқыладық. 0:00 – «Ойжұмбақ 2» қазақша дубляжына барайық! 0:31 – Қазақ дубляжының тарихы 8:20 – Дубляжға қатыса бастаған кезі 10:08 – «Коконың құпиясы». Шығуына қарсы болды. 12:25 – Астапыралла сөзін дубляжға қосу 13:36 – «Дос-Мұқасан»…

  • Перизат Мырзахмет: Кинодағы әйел | Дін | Cancel мәдениеті | DEPPA #2

    Бұл шығарылымда сценарист Перизат Мырзахметпен кино, музыка және әдебиеттегі әйел рөлі туралы сөйлестік, гендерлік таптаурындарды талқыладық. Сондай-ақ әйгілі Овертон терезесі және т.б. “бүжай” теорияларды талдадық. ____ 0:00 Жайнаның жалғасы бола ма? 0:45 Режиссер жігіттер келіспейді 17:15 Қазіргі актёрлар не ойнап жатқанын білмейді 19:08 Фатшеймиң 20:20 Марат Достаевты келемеждеу дұрыс па? 24:28 Cancel culture 25:00 «Медиада…

  • Лингвист Бибарыс Сейтақ: қазақ тілі туралы мифтер мен таптаурындар | DEPPA #1

    Қазақ тілі – ең бай тіл ме? Қазақстанда екі мемлекеттік тіл бар ма? Қазақ тіліне қатысты мифтерді лингвист Бибарыс Сейтақпен бірге талқыладық. Бұл эпизод – YouTube арнамыздағы видеоподкастымыздың аудионұсқасы. 0:00 Сөзбасы 2:05 Миф талдау: Тіл — тірі ағза ма? 3:14 Қазаққа жат (болған) дыбыстарды қолдану норм ба? 5:50 Неге аУатар 8:20 «Тіл тазалығы» деген —…

  • 13. Кинохабар: Гай Ричи, ComicCon, УанПис, Marvel/DC

    Бұл эпизодты Dequine деген орысша сөйлейтін әншінің 2GIS навигаторын қазақша дыбыстағаны туралы хабардан бастадық. Артынша Астанада өткен ComicCon фестивалін талқыладық, қазақ тіліне қатысты мәселелерін айтып өттік. Сонымен қатар соңғы киножаңалықтардан Гай Ричидің Covenant атты фильміне және Netflix түсірген “Уанпис” сериалына спойлерсіз шағын талдау жасадық. Гикшіл қауымға қызық Marvel мен DC әлемінің жаңалықтарын да тыс қалдырмадық.…

  • 10. Баяғы Мухоряп сол Мухоряп

    Эпизод сапасына қатысты ескерту: кейбір жерлерінде дыбыс нашарлау болуы мүмкін. Алдын ала кешірім сұраймыз. Chocolife компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов былтыр қазақ тіліне қатысты болған дауы жөнінде Forbes арнасына жуырда сұхбат берді. Біз сол сұхбаттағы аргументтерін талдап шықтық: былтырғы сөздері контекстен жұлып алынған ба, туристерге қазақша сөйлеу мәдениетсіздік пе, былтырғы дау әдейі жасалған шабуыл ма, депутаттардың…

  • 09. Telegram қазақшаға қалай аударылды

    Қазақша Telegram’ның аудармашысы Мұрат Кәрібаймен Telegram’ды қазақшаға қалай аударғаны туралы сөйлесіп, біз және басқа да белсенділер бұл істі жүзеге асыруға қалай атсалысқанымыз туралы әңгімелестік. Telegram аудармасының қиындықтары мен ерекшеліктерін көрсетіп, локализация жасау жөнінде кеңесімізді бөлістік. Бізді патреон арқылы қолдай аласыз: https://www.patreon.com/qazaqgrammar Таймкод: 00:00 Шағын хабарландыру 0:49 Telegram аудармасының  қысқа тарихы 5:46 Beta нұсқа деген не?…

  • 08. Таңғажайып Spider-Man: Across the Spider-Verse

    “Өрмекші-адам: өрмекғалам арқылы” деген жаңа анимациялық фильмді көріп келдік. Фильмді талқылап отырып, өзіміздің белгілі бір дәрежеде гик екенімізді аңғардық. Сондай-ақ Марвелдің мультиғаламдық мәселелерін, өрмекші-адамдардың тағдырын және әдеттегідей дыбыстама жайтын қозғап өттік. Бұл эпизодта бес қатысушы болды, дегенмен әркім өз ойын айтып, бес тиынын қосып үлгерді. Сондықтан мультиғаламдық пікірігімізді қабыл алыңыз. Бізді патреон арқылы қолдай аласыз:…

  • 07. Камила Смағұл: үш тілді араластыру

    07. Камила Смағұл: үш тілді араластыру

    Қонағымыз Камила Смағұлмен Прагада кездесіп, подкаст эпизодын жазып тастадық. Бұл эпизодта code-switching (тілдерді араластырып сөйлеу), PaperLab орталығы, ғылыми зерттеулер мен зерттеушілер туралы және ағылшын тілін қалай үйренгеніміз жайлы сөйлестік. Сондай-ақ феминизм тақырыбын жанап өттік. Кейбір өсек-аяңдарымызды да талқыладық. Патронымыз болыңыз: https://www.patreon.com/qazaqgrammar 0:00 – Подкаст ерекшелігі 0:39 – Code switching тақырыбы тиіп кетті ме? 6:33 –…

  • 05. Қазақ тілі жайлы ауқымды шығарылым: мифтер, таптаурындар

    Бұл подкасты бастаған кезде тілді қозғамаймыз, тек трендтерді талқылаймыз деп ойлағанбыз. Алайда күнделікті жаңалықтар тіл тақырыбынан алыстауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінгі эпизодымызда қазақ тілі мен қазақтар туралы барынша ашық әрі толық айтуға тырыстық.  Яғни Тоқаевтың қазақ тілі туралы сөзін, Рашевтың отарлау туралы пікірігін тілге тиек ете отыра, қазақ тіліне қатысты бірқатар таптаурындарды әшкерелеп көрдік. Соның…

  • 03. ChatGPT, Жасанды зият және Адам

    Жасанды зияттың (ЖЗ) пайдасы мен зияны және болашақ мәселелері туралы сөйлестік. ChatGPT-ді өзіміз қалай қолданғанымызды, оның қазақша нұсқасы қалай жұмыс істейтінін, латын әліпбиіне өткенде ChatGPT-де қандай мәселе болатынын талқыладық. Сондай-ақ адам мен ЖЗ қарым-қатынасы қандай болмақ және болашақтың адамы қалай өзгеретінін жорамалдап көрдік. Эпизодта ЖЗ туралы Her (2013) фильмін және Соңғы сұрақ (1956) деген қысқа…

  • 01. The Last of Us сериалы және оның қазақша дыбыстамасы

    Біз ғана тірі (ағылш. The last of us, тікелей аудармасы – Соңғы тірі қалғандарымыз) — Крейг Мейзин мен Нил Дракман түсірген апокалипсистен кейінгі өмірді баяндайтын драма. Naughty Dog студиясы жасаған 2013 жылғы видеоойынға негізделген бұл хикаядағы оқиғалар 2023 жылы орын алады. Сериал жасөспірім Еллиді (Белла Рамзи) жеткізіп тастау үшін постапокалипстік АҚШ-ты кезіп өтуді көздеген контрабандист…