Бұл подкасты бастаған кезде тілді қозғамаймыз, тек трендтерді талқылаймыз деп ойлағанбыз. Алайда күнделікті жаңалықтар тіл тақырыбынан алыстауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінгі эпизодымызда қазақ тілі мен қазақтар туралы барынша ашық әрі толық айтуға тырыстық.
Яғни Тоқаевтың қазақ тілі туралы сөзін, Рашевтың отарлау туралы пікірігін тілге тиек ете отыра, қазақ тіліне қатысты бірқатар таптаурындарды әшкерелеп көрдік. Соның ішінде мыналар: әлемдегі ең бай тіл – қазақ тілі ме? Тіл байлығын қалай өлшейміз? Қазақ тілінде қанша сөз бар? Қазақша сөйлеу нацизм бе? Орыс тілі ұлтаралық тіл ме? Қазақстанда екі мемлекеттік тіл бола ала ма? және т.б.
Сонымен қатар Хәрри Поттерге қатысты жоспарымызды бөлістік.
Эпизодтағы сілтемелер:
Әлемдегі ең бай тіл – қазақ тілі: https://aikyn.kz/7960/10348-aelemdegi-eng-bay-til-qazaq-tili
Type-toke ratio (TTR) қалай өлшейміз: https://www.sltinfo.com/wp-content/uploads/2014/01/type-token-ratio.pdf
Казахстанцы начнут говорить на казахском к 2052 году: https://arbat.media/vaznoe-v-kazaxstane/kak-razvivat-kazaxskii-yazyk-razbiraem-vse-nyuansy-davnei-problemy-7531
Популярные мифы о языковой политике Казахстана: https://www.instagram.com/p/CSwjchcqMxF/
Добавить комментарий