Қазақша Telegram’ның аудармашысы Мұрат Кәрібаймен Telegram’ды қазақшаға қалай аударғаны туралы сөйлесіп, біз және басқа да белсенділер бұл істі жүзеге асыруға қалай атсалысқанымыз туралы әңгімелестік. Telegram аудармасының қиындықтары мен ерекшеліктерін көрсетіп, локализация жасау жөнінде кеңесімізді бөлістік.
Бізді патреон арқылы қолдай аласыз: https://www.patreon.com/qazaqgrammar
Таймкод:
00:00 Шағын хабарландыру
0:49 Telegram аудармасының қысқа тарихы
5:46 Beta нұсқа деген не?
6:45 Telegram әкімшілігінің аудармашыларға берген сыйлығы
10:14 Telegram аудармасы қай платформада бар?
11:05 Интерфейске қазақша аударманы сыйдыру мәселесі
11:42 Хабарлама vs. Хат
13:20 Өңдеу vs. Өзгерту
14:52 Cancel — бас тарту vs. қайтару
15:55 Reset — тазарту vs. арылту vs. қалпына келтіру vs. қайтару
18:09 Жазып жатыр vs. Жазуда
19:52 Дескриптивизм vs. Прескриптивизм
21:20 Интернетпен қолдану vs. Интернетті қолдану. Калька мәселесі
24:23 Unread және т.б. аударылмай қалған сөздер
26:14 Юникод жүйесіне енгізілмеген қазақ тілінің жалғаулары
30:34 Swipe — сырғыту әлде жанап өту?
31:03 Last seen — жуырда/жақында әлде таяуда кірді?
34:03 Voice message — дауысхат
35:33 Ықшамдық қуалап, түсініксіз тіл жасап кетпедік пе?
38:00 Алдыңғы vs. Алдынғы, Тенге vs. Теңге, Бәтеңке vs. Бәтенке
40:20 Юникодтағы сан есімдер мәселесі
41:00 Unpin – ажырату vs. шешу
41:50 Қолданба мен ойындарды қазақ тіліне локализация жасайтын компания
42:33 World of Tanks ойны қазақшаға қалай аударылды
45:08 Өздігінен локализация жасағысы келетіндер не’стеуі керек?
45:47 Мысықтың мяулағаны
47:19 Telegram’ыңыз қазақша болғаны неге маңызды?
47:32 Аудармадағы қазақ тіліне қалай үйренісуге болады?
Telegram аудармашыларының чаты: https://t.me/translation_kk
Аударма бойынша ұсыныстарыңызды мына сілтемеге кіріп жазасыз: https://translations.telegram.org/kk/
Добавить комментарий